Денис Тенге ескерткіш қойылды

Ескерткіштің ашылу рәсіміне спортшының туыстары, достары, белгілі спортшылар мен өнер қайраткерлері жиналды.

Мәнерлеп сырғанушыға арналған ескерткіш оқиға болған Байсейітова және Құрманғазы көшелерінің қиылысында орнатылды. Ескерткіштің биіктігі 3 метрге жуық. Онда Денистің Сочи Олимпиадасының финалында өнер көрсетіп тұрған сәті бейнеленген. Денистің мүсінін Санкт-Петербургтен келген мүсінші Матвей Макушкин жасаған. Ол — Алматыдағы Төлебаев көшесіндегі Виктор Цойдың да мүсінінің авторы.

20 шілде күні «Алматы Арена» спорт кешенінде Денис Тенді еске алуға арналған мұз шоуы өтеді. Шоуға атақты мәнерлеп сырғанаушылар, жаттықтырушылар мен Денистің достары қатысады деп жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 19 шілдесі күні Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында Денис Тен автоұрылармен қақтығыс салдарынан қайтыс болды. Олар спортшының сан артериясына пышақ ұрған. Қылмыскер деп танылған Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева сот алдында жауап берді. 2019 жылы 17 қаңтарда оларға үкім шығып Арман мен Нұралы 18 жылға, ал Жанар төрт жыл бас бостандығынан айырылды.