Басты бетЖаңалықтарСауат Мыңбаев...

Сауат Мыңбаев Президентке Арыс оқиғасы кезіндегі жолаушы тасымалы туралы айтты

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сауат Мыңбаев Мемлекет басшысына теміржол саласының қазіргі даму жағдайы мен келешегі туралы ақпарат берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру, экспорт және транзит тасымалдарын ұлғайту, көлік қызметінің сапасын жақсарту қажеттігіне назар аударды.

Сауат Мыңбаев Арыстағы төтенше жағдай кезінде жолаушылар мен жүк тасымалдарын ұйымдастыру жөніндегі қабылданған шаралар туралы баяндап, контейнерлік тасымалдар саласындағы жағдай, жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсарту үшін жүргізіліп жатқан жұмыс пен операциялық іркілістерді азайту туралы мәлімет берді.

Президент «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ басшысына бірқатар нақты тапсырма берді.