Нұрсұлтан Назарбаев астанадағы жаңа мешітке барды

Елбасы Нұр-Сұлтанның Сарыарқа ауданында орналасқан жаңа мешітке барды. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін қаланың 380 мыңнан астам тұрғыны бар осы аймағында жаңа мешіт салу туралы ұсыныс айтылған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы қолдады.

Нұрсұлтан Назарбаев
Фото: ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі

Мешіт жеке инвесторлардың қаржысына тұрғызылды. Ғимарат классикалық ислам стилінде салынып, сырты және іші ұлттық ою-өрнекпен безендірілген.