Арыста 350 адамның жоғалғаны туралы ақпарат жалған

Арыста 350 адамның жоғалғаны туралы ақпарат жалған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ішкі істер министрлігі тұрғындарды әлеуметтік желі арқылы, соның ішінде WhatsApp-та таралып жатқан жалған ақпаратқа сенбеуді және үрейге бой алдырмауды ескертеді.

Жалған ақпарат таратқан азаматтар Қылмыстық Кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Ресми ақпарат арнайы құрылған жедел штаб арқылы тұрақты беріліп отырады.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Арыс қаласынан барлығы 41 мың адам кеткенін хабарлаған болатын. Соның ішінде 39 мың тұрғын өз бетімен шыққан.

24 маусымда Арыстағы әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болды.

Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек беру үшін облыс әкімдігінің жанынан ашылған “Түркістан” корпоратив әлеуметтік даму қорына хабарласуға болады.

Бұған дейін үш азаматтың қайтыс болғаны мәлім болды.

Арыста болған жағдайға байланысты Шымкент төтенше жағдай департаментінде «Қауырт желісі» жұмыс істейді. 8 7252 44 94 72 және 8 7252 35 33 66 телефон нөмірлері арқылы ақпарат алуға болады.