Басты бет Қоғам Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті мен халқына алғыс білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті мен халқына алғыс білдірді

Қырғызстан Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков  құрбан болғандар мен төтенше оқиғаға шын көңілмен қарайтынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: ТАСС/Александр Щербак

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков пен қырғыз халқына қолдау сөздері үшін алғыс білдірді.

Арыстағы төтенше оқиғаға байланысты Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековтің бауырлас қырғыз халқының атынан алаңдаушылық пен жанашырлық танытқанына ризашылығымды білдіремін, — деп Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

24 маусымда Арыстағы әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болды. Төтенше оқиғадан кейін 39 мың тұрғын қаладан өз бетімен шығып кеткен.

Бұған дейін қаладағы ғимараттардың 80-90%-і бүлінгені мәлім болды. Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version