Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеделхат жолдады

Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына орай, Қасым-Жомарт Тоқаевқа АҚШ Президенті Дональд Трамптан құттықтау жеделхаты келіп түсті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Осы жылдардың ішінде екіжақты қарым-қатынасымызда үлкен жетістіктерге қол жеткіздік, ынтымақтастық рухымыздың әрі қарай да жалғаса беретініне кәміл сенемін. Америка бизнесінің Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бағытында жаңа мүмкіндіктер алғаны қуантады, — деп жазды Дональд Трамп.

Ақ үй басшысы АҚШ-тың Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық әріптестікті ілгерілету жолындағы бірлескен жұмыстарды жалғастыра беруге ниетті екенін айтты.

АҚШ Қазақстанмен мығым әріптестікті бағалайды. Орталық Азия мен жаһандық деңгейдегі ортақ мүдде аясында Сізбен және Қазақстан халқымен бірлескен жұмыстарды жалғастыра бермекпіз. Жұмысыңызға мол табыс тілеймін, — делінген АҚШ Президентінің құттықтауында.