Басты бетҚоғамАрыста мектеп...

Арыста мектеп бітірушілердің 98%-і ҰБТ тапсырған

Арыстағы түлектер ҰБТ-ны 21-23 маусым күндері екі лекпен тапсырды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев хабарлады.

Арыста ҰБТ тапсыратын бір пункт болатын. Ол қаладағы№1 мектепте орналасқан. Мұнда 779 түлек тест тапсыруға өтініш берген. Соның ішінде 772-сі тестілеуден өтті. Бұл — түлектердің 98%-і. Олар 21-23 маусым күндері екі лекпен тапсырды. Кеше, 24 маусымда сағат 09.00-де №1 мектепте апелляциялық комиссия жұмысын бастаған болатын. Өкінішке қарай, сол уақытта әскери бөлімшедегі жарылыстан кейін комиссия жұмысы тоқтап қалды, — деді Әділет Тойбаев.

Оның айтуынша, ҰБТ кезінде зардап шеккен ешкім жоқ. Арыста Білім және ғылым министрлігінің 12 өкілі  жұмыс істеді.

Қазір министрліктің 12 мүшесі Шымкентте. Енді 10-ы елордаға қайтады. Тек комиссия төрағасы сонда қалды. Жағдай тұрақталған соң апелляцияны өткіземіз. Өйткені апелляцияны өткізіп үлгермедік. Әлі 30 маусымға дейін уақытымыз бар. Егер үлгермей жатсақ, оның уақытын созамыз, — деді министрлік өкілі.

Қазақстанда ҰБТ 20 маусымда басталды. Тестілеуге барлығы 117 242 талапкер қатысады, оның 96 мыңнан астамы – биыл мектеп бітіргендер.

Түркістан облысының түлегі ҰБТ-да 140 балл алды. Сарыағаш түлегі Қасымжан Жұбай — 140 балл жинаған алғашқы үміткер.