ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялау туралы» Заң қабылданды. Бұл шарт — бұрын ядролық қаруға заңды тұрғыда тыйым салатын тарихтағы алғашқы халықаралық құжат. Ядролық қаруға заңды тыйым салу — ядролық қарудың толық жойылуы үшін қажет алғашқы қадам.
Шарттың ережелеріне сәйкес, ядролық қаруды пайдалануға әрі қолдану тұрғысынан қорқытуға тыйым салынған, — деді Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов.
Аталған шарт 2017 жылғы 20 қыркүйектен бастап Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-сессиясы аясында қол қойылуы үшін ашылды. Сонымен қатар 50 мемлекет ратификациялағаннан кейін күшіне енеді. Қазіргі уақытта шартқа 70 мемлекет қол қойды, 23 мемлекет ратификациялады. Шарттың күшіне енуі 5 жылға созылуы мүмкін.
Шартты ратификациялау Қазақстанның ядролық қарусыздану саласындағы бастамаларымен толықтай сәйкес келеді. Осы заң жобасын қабылдау республикалық және жергілікті бюджеттерден қосымша қаражат бөлуді талап етпейді.