Басты бетҚоғамКөпбалалы отбасыларға...

Көпбалалы отбасыларға жылына 6 мың пәтер бөлініп отырады

Nur Otan партиясының XVІІІ съезінде Мемлекет басшысының тапсырған мәселелерін жүзеге асыруға және көпбалалы аналарға арендалық баспана салу мен сатып алу үшін өңірлерге 50 миллиард теңге бөлінді.

Осы мақсатқа алдағы 7 жылға 350 миллиард теңге қарастырылып отыр. Бұл жылына 6 мың көпбалалы ананы баспанамен қамтуға жеткілікті. 7 жылда берілетін пәтерлер саны 40 мыңға жетеді, — делінген минисрлік хабарламасында.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау жұмысының аясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкенттегі жұмыссыз жүрген жастарға қажетті жалдамалы пәтер құрылысына 2019 жылға 7,2 миллиард теңге қаралған.

Әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға арналған жалдамалы тұрғын үй салуға бөлінген 35 миллиард теңгенің 2,2 миллиард теңгесі қайта жолданды. Қосымша республикалық бюджеттен 5 миллиард теңге бөлінетін болды. Осылайша, алдағы 3 жылда жас мамандарға арналған 3 мың баспананың құрылысына 21,6 миллиард теңге қарастырылып отыр, — деп нақтылады министрлік өкілдері.

«Нұрлы жер» бағдарламасының аясында жылына 12,16 миллион шаршы метр баспана салу жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде 650 мың отбасы немесе 2 миллион адам баспаналы болады.

ДереккөзІnform.kz