Басты бетҚоғамАлматыда полиция...

Алматыда полиция мен мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті

Алматының төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан полициясы күні мен мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты шара өтті. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент бастығы, өртке қарсы қызмет генерал-майоры Серік Әубәкіров мемлекеттік қызметкерлерді мерекесімен құттықтады.

Оның айтуынша, қазіргі кезде полиция мен төтенше жағдайлар департаменті елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, төтенше жағдайды болдырмай және оны жою міндеттерін адал атқарып жүр.

Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік қызметкерлеріне ерекше міндеттерді шешуге тура келеді. Олар аттестатталған қызметкерлермен бірдей ауыр жұмыстар да атқарады. Біздің қызметкерлер қираған үйлерден, түтінге және отқа оралған ғимараттардан, қираған көлік құралдарынан зардап шеккендерді құтқарады, су басқан аумақтарда жұмыс істейді. Осылайша жүздеген, тіпті, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалады, — деді генерал-майоры Серік Әубәкіров.

Бірқатар қызметкер міндеттерін үлгілі орындағаны үшін Қазақстан полициясының құрылғанына 27 жыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай Ішкі істер министрінің, Алматы мен облысының әкімдерінің және Департамент бастығының алғыс хаттарымен марапатталды.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Заңын қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының міндеттері мен функцияларын анықтаған алғашқы құқықтық акт болды. 2007 жылы мемлекет басшысының Жарлығымен 23 маусым ресми түрде полиция күні болып бекітілді. Ал былтыр 23 маусым Қазақстан Республикасы мемлекет басшысының Жарлығымен мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілді.