Басты бетЖаңалықтарБельгия делегациясына...

Бельгия делегациясына елорданың бизнестегі мүмкіндіктері айтылды

Бақыт Сұлтанов Бельгияның ресми делегациясымен кездесті. Онда Бельгия мен Қазақстан астанасының арасындағы бизнестің мүмкіндіктерін талқылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін біз қаланың 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеудің белсенді кезеңіндеміз. Негізгі бағыттар инвестицияларды тартуға, «Астана» Халықаралық қаржы орталығын, бизнес-туризмді, сандық технологияларды, IT-стартаптарды дамытуға бағытталады, — деді Бақыт Сұлтанов.

Әкім Нұр-Сұлтанның бельгиялық бизнеспен өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екендігін айтты.

Бельгия корольдігінің Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Алексис де Кромбрюгхе де Пикендаль делегация құрамында қазақстандықтармен байланыс орнатуға қызыққан 20-дан астам бельгиялық компания бар екенін атап өтті.

Қызығып отырған салалар арасында денсаулық сақтау, инфрақұрылым, энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік жабдықтар, ағын суларды қайта өңдеу салалары бар. Миссия экспортты болып есептеледі. Бельгиялық компаниялар Қазақстандағы іскер серіктестерді іздеуге қызығып отыр, — деді Экспорт және инвестициялар жөніндегі Валлон агенттігінің (AWEX) және WBI агенттігінің бас директоры Паскаль Делькомминет.

Кездесу барысында Бельгия корольдігінің консулы Деннис Ван ден Вейк елордаға құрметті консулдардың халықаралық конференциясын өткізу жоспарланғанын айтты.

Бізде Қазақстанның инвестициялық әлеуетін ашу мүмкіндігі болады. Іс-шара бағдарламасы аясында қонақтар «Астана» халықаралық қаржы орталығына барады. Дүниежүзілік құрметті консулдар бірлестігінің президенті өзінің қатысатынын растады. Форумға қатысушылардың туристік бағдарламалары болғанын қалаймын. Олар алыстан ұшып келіп, бірнеше күн елордада болады, — деп Денис Ван ден Вейк қала билігі тарапынан конференцияға қолдау көрсетуге ниет білдірді.

Бақыт Сұлтанов іс-шараны қолдауға дайын екенін айтып, бизнесті құру мен дамытудың және қалаға үздік технологияларды тартудың маңызын атап өтті.

Біздің қала бірегей. Оның климаттық жағдайы оңай емес. Сондықтан біз жаңа технологияларды дамытуға мұқтажбыз, — деді Нұр-Сұлтан әкімі.