Басты бетЖаңалықтарНұр-Сұлтанда кәсіпкерлерге...

Нұр-Сұлтанда кәсіпкерлерге арналған конкурс басталды

«Хан Шатыр» СОО-ға қарасты жерасты өтпе жолын коммерцияландыру үшін конкурс өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын бірнеше талап бар: Ол Қазақстан Республикасының аумағында немесе ТМД елдерінде нарық саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі; жобаны іске асыру үшін кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар білікті қызметкерлер; инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажет қаржы ресурстарының болуы құжаттармен расталады (депозиттердің, кредиттік желілер және тағы басқасының бар болуы туралы анықтамалар); мерзімі өткен салық берешегінің жоқтығы туралы ҚР Салық комитетінен берілген анықтама; мерзімі өткен банк берешегінің жоқтығы туралы банк анықтамасы.

Конкурсқа қатысу шарттары:

  • Конкурсқа қатысу үшін төленетін кепілдік жарна — 2 621 910 (екі миллион алты жүз жиырма бір мың тоғыз жүз он) теңге. Жеңіске жеткен жағдайда кепілдік жарнасы жалдау ақысының есебіне жазылады. Ал кері жағдайда кепілдік жарна кері қайтарылады;
  • Конкурсқа қатысу үшін инвестициялардың ең аз көлемі 100 000 000 миллион теңге болуы тиіс;
  • Ең төменгі жалдау бағасы – 1 шаршы метр — 400 теңге ҚҚС есебімен/шаршы метр;
  • Нысанның жалпы аумағы – 5 243, 82 шаршы метр;
  • Келісімшарт жасалған сәттен бастап 60 ай ішінде конкурс жеңімпазы белгіленген құнның 50% көлемінде ай сайын жалға алу төлемін жасайды;
  • Нысанды жалға беру мерзімі – 10 жылдан кем емес;
  • 60 ай өткеннен кейін жалға алу құнының көлемі 1 шаршы метр үшін — 400 теңге, жылдық жалға алу құны белгіленген тарифтен 5% өсіп отырады.