Басты бет Қоғам Қазақстанда ҰБТ басталды

Қазақстанда ҰБТ басталды

ҰБТ-ға барлығы 117 242 талапкер қатысады, оның 96 мыңнан астамы - биыл мектеп бітіргендер.

Фото: Ашық дереккөз

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне келіп, түлектерге сәттілік тіледі.

Көріп отырғандарыңыздай, бүгін балалардың көңіл-күйі жақсы. Меніңше, мұның себебі — олар биыл осы орындарда осындай жағдайда ҰБТ-ны екі рет тапсырғанына байланысты. Ол кезде де бәрі тексеріліп, ұялы байланыс өшірілген болатын. Сондықтан олар үшін бұл — әдеттегі процесс. Мен 10 жыл бойы ҰБТ-ны өткізу рәсіміне қатысып келемін. Соңғы жылдары балалар сабырлы, алаңсыз. Оқушылар мен түлектерге сәттілік тілегім келеді. Бәрі қолдарынан келеді деп ойлаймын, — деді министр Асхат Аймағамбетов.

Мемлекет бакалаврға 53758 мың грант, магистратураға 13 мың грант, докторантураға 2312 грант бөліп отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version