Басты бет Жаңалықтар Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрі болып тағайындалды

Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Күләш Шәмшидинова ҚР Білім және ғылым министрі қызметінен босатылды.

Асхат Аймағамбетов. Фото. Karaganda-region.gov.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Асхат Аймағамбетовті ҚР Білім және ғылым министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Асхат Аймағамбетов 2019 жылдың қаңтарынан бері Қарағанды облысы әкімінің орынбасыры қызметінде болған.

Асхат Аймағамбетов 1982 жылы 14 маусымда Қарағанды облысында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру институтын бітірген.

2012 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істеп келеді.

Еске сала кетейік, мұның алдында Білім және ғылым министрі қызметін Күләш Шәмшидинова атқарған еді. Ол бұл қызметке 2019 жылдың 25 ақпанында  тағайындалған болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version