Басты бетЖаңалықтарАлматы әкімі...

Алматы әкімі Әуезов ауданының аулаларын абаттандыру қарқынын тексерді

Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Әуезов ауданының аулаларын абаттандыру қарқынын тексерді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда соңғы үш жыл ішінде 1487 аула жөнделіп, абаттандырылды. Биыл қаланың көпқабатты үйлерінің 72%-ын қамтитын 638 ауланы жаңарту жоспарланған.

Жаңарған аулаларда спорт алаңдары, балалардың спортпен айналысуы үшін жаттығу құрылғысы мен ойын кешендері салынып жатыр. «Қауіпсіз қала» бағдарламасы бойынша жарық пен бйенекамералар орнатылады.

Мен өзім осындай аулада өстім. Мақсатым — қарапайым жандарға жақсы жағдай жасау. Екі жыл ішінде біз адамдардың көшеге шығуы, балалардың сыртта ойнауы, ересек жандардың өзара араласуы, қонаққа баруы үшін Алматының барлық ауласын 100% жөндейміз. Сонда ғана менің аулам мен менің қалам екенін сезінуге болады. «Қала адамдар үшін» концепциясының басты мәні де осында, — дейді Бауыржан Байбек Ақсай-4 ықшамаудан тұрғындарымен кездесу барысында.

2015 жылы қала тұрғындарының талқылауынан соң қабылданған «Алматы-2020» бағдарламасы аясында мегаполисте тарихи орталықтың 60% мен 600 көше жөнделді. Көше жарығының үштен бірі диод және энергия жинақтаушы шамға ауыстырылып, 300 шақырым арық және 2 мың шақырым инженерлік желі өзгертілді. Болашақта қаланың барлық өтпелі жолы жаңарды.

Биыл қаланың 14 ықшамауданында 456 көше салынып, 140-тан астам көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қаланың шет аймақтарындағы бірқатар парк, саябақ пен жаяу жүргінші аймақтары абаттандырылады. Қаланың қауіпсіздігі үшін 120-дан астам көшеге жаңа LED шамы орнатылады.