Дәріханалар рецептіні электрон форматта қабылдауға көшеді

18 маусымда есептік кездесуде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов келесі жылдан бастап дәрігер берген нұсқау қағазды 3 жыл сақтауға болатынын айтты. Сарапшылардың айтуынша, көптеген елде дәрі-дәрмектердің жартысы көлеңкеде қалып отыр. Оның шамамен 10 пайызы тасада қалада.

Министр Қазақстандағы көлеңкелі айналым көлемі де белгісіз екенін айтты. Рецептілік бақылау науқастар қауіпсіздігі үшін керек. Қазіргі уақытта 3,5 миллион рецепті электрон түрде берілген. Қазір елге жеткізілген препараттардың үштен бір бөлігі тегін беріледі. Елжан Біртанов енді оның саны көбейетінін мәлімдеді.

Барлық дәріхана рецептіні 3 жыл сақтау керек деп шағымданады. Иә, бірақ келер жылы қағазсыз форматқа көшеміз деп отырмыз. Қазір ол қарастырылып жатыр. Оны сақтаудың қажеті болмайды. Өйткені барлығы электрон форматта болады. Қазір ірі дәріханалар желісі бізбен жұмыс істеуге құлық танытып отырғанын айта кеткім келеді, — деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Қазақстан кәсіпкерлер және сервистік қызметтер қауымдастығының қзыметкерлері рецептіні 3 жыл сақтауға жарамайтынын, сондықтан бұл жаңашылдыққа мораторий жариялау керек екенін айтқан.

Фармацевтердің есептеуінше, күн сайын әр дәріханаға шамамен 200-300 адам рецепті бойынша дәрі алуға келеді. Ал елде 6 мыңнан астам препарат тек дәрігердің ұсынысымен қабылданады екен. Рецепті жоғалған жағдайда 130-дан 200-ге дейін айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Ал мұндай оқиға екінші рет қайталанса, олар лицензияларынан айырылады.

ДереккөзАstanatv.kz