Әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова қазақстандық Ержан Максиммен бірге «Эта любовь» әнін шығарды.
Бұл туралы Микелла Абрамова Instagram-да жазды.
«Алақай! Біздің Ержан Максиммен «Эта любовь» әніне жазылған дуэтіміз ақыры жарық көрді», — деп жазды ол.
Бұл шығарманы Микелла мен Ержан 2019 жылдың мамырында Қырымда өткен «Детская новая волна» байқауында орындады.
Еске салайық, «Первый канал» телеарнасындағы «Голос. Дети» жобасының 6-маусымының қорытындысы үлкен жанжалға айналған еді. Тележобаның финалында әнші Алсудың қызы Микелла Абрамованың жеңіске жетуі көпшіліктің наразылығын туғызды.
Кейін «Первый канал» телеарнасы «Голос. Дети» жобасының 6-маусымы финалының нәтижесін жойды. Тексерудің аралық нәтижесінде дауыс беру кезінде сыртқы әсердің болғаны расталды.
24 маусымда «Голос. Дети» шоуының арнайы шығарылымы болды. «Первый канал» телеарнасының бас директоры Константин Эрнст 6-маусымның барлық финалисін шоудың жеңімпазы деп атады.