Мақсат Сқақов Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болды

Мақсат Сқақов Қазақстан Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Сқақов Мақсат Нұрлыбекұлы Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалсын, — делінген Жарлықта.

Мақсат Сқақов 1978 жылы 9 шілдеде Қызылорда облысында дүниеге келген. 2003 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген. 2017 жылдан бері Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

ДереккөзТengrinews.kz