Серікбай Тұрымов Маңғыстау облысының әкімі болды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Серікбай Тұрымов Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды.

Серікбай Өтелгенұлы Тұрымов Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалсын, — делінген Ақорданың сайтында жарияланған жарлықта.

Серікбай Тұрымов 1964 жылы 3 маусымда Форт-Шевченкода туған. Мамандығы — инженер-құрылысшы. 1992 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген.

Ол әр жылдары Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Жаңаөзен әкімі, Ақтау әкімі, Маңғыстау облыстық маслихаттың хатшысы қызметтерін атқарды.

Еске сала кетейік, мұның алдында Маңғыстау облысының әкімі қызметін Ералы Тоғжанов атқарды. Ол бұл қызметке 2017 жылдың 14 наурызында тағайындалған болатын.

.