Ақтоты Райымқұлова Мәдениет және спорт министрі қызметіне келді

Ақтоты Райымқұлова осы қызметке тағайындалғанға дейін 2016 жылғы 3 қазаннан бастап вице-министр болды.

Ақтоты Рахматоллақызы Райымқұлова Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалсын, — делінген Жарлықта.

Ақтоты Райымқұлова 1964 жылы 2 мамырда Алматыда дүниеге келген. 1987 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын композиция және фортепиано мамандықтары бойынша, композиция мамандығы бойынша аспирантураны тәмамдады. Менеджмент мамандығы бойынша Халықаралық бизнес академиясының магистратурасында оқыды. DBA (Doctor of Business Administration) ғылыми атағы бар.