Синоптиктер 15-17 маусымдағы ауа райына болжам жасады

Синоптиктердің хабарлауынша, маусым айының ортасы болса да, республикамыздың солтүстік жартысында ауа райы мамыр айындағыдай құбылмалы болады. Бұл облыстарда алдағы демалыс күндерінде найзағай соғып, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 10-20 градус жылы болады.

Мұндай ауа райы Қазақстанға Баренц теңізі аймағынан үздіксіз ағылып жатқан суық ауа массалар ағынымен және суық арктикалық фронтпен келеді, — делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, республиканың басқа аймақтарында да ауа райы тұрақсыз, жаңбырлы болады. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста күндіз ауа 25-33 дейін жылиды. Маңғыстау облысында күн райы жауын-шашынсыз, ауа температурасы 30-39 градусқа көтеріледі.