Нұр-Сұлтан әкімі әлеуметтік желі арқылы тұрғындардан келіп түскен өтініштер мен ұсыныстарды міндетті түрде қарастыратынын айтты. Ол Instagram, Facebook, Twitter желілеріне тіркелген.
Құрметті достар! Қолданушысы көп Facebook-те жеке парақшамды ашуды ұйғардым. Цифрлық технологиялар дамыған бүгінгі қоғамда әлеуметтік желілер тұрғындардың жедел ақпарат алып, жаңалықтармен бөлісетін бірегей диалог алаңы әрі тиімді байланыс құралы екені сөзсіз. Әлеуметтік желілер арқылы елорда халқы менімен байланысқа шығу мүмкіндігіне ие болады. Тұрғындардан келіп түскен барлық өтініш пен ұсынысты міндетті түрде қарастырамыз. Бірлесе жұмыс істеуге және ашық диалог орнатуға әрқашан дайынмын. Елордамызды жайлы, таза, гүлденген және бұдан да әдемі болуына бірге атсалысайық, — деп жазды Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында.
Алтай Көлгінов Нұр-Cұлтан әкімі қызметіне 2019 жылдың 13 маусымында тағайындалды. Ол мұның алдында Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.
Тағы да оқыңыз: Әкімдер әлеуметтік желідегі жұртпен қалай тілдесіп жатыр?