Басты бетҚоғамҚазақстан халқының...

Қазақстан халқының саны 18 миллион 46 мыңнан асты

Қазақстан халқының саны 2019 жылдың 1 мамыры бойынша 18 миллион 468 мың 900 адамға жетті. Өткен жылдың 1 мамырындағы көрсеткішпен салыстырғанда 239 900 адамға артты. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан қалаларындағы адам саны — 10 миллион 751,4 мың болса, (жалпы халық санының 58,2 пайызы) ауылда 7 миллион 717,5 мың адам тұрады.

2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында республикада бір жасқа дейінгі 1 138 бала шетінеген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 43-ке артқан.

2019 жылдың қаңтар-сәуір айларының аралығында Қазақстанға келушілердің саны 10,8%-ға азайып, кеткен азаматтардың саны 23,4%-ға артты.

Ел ішіндегі миграция 15,7%-ға көбейді.