Алматы тұрғындары: мәселені бейбіт жолмен шешу керек

Олардың айтуынша, заңсыз митингілерге қатысу дұрыс емес. Мәселені  шешудің басқа амалын табу керек.

Басқа мемлекетке қарағанда Қазақстан әлдеқайда алда. Біз Еуропада не болып жатқанын көрдік қой. Іріткі салатын адамдар бар. Жастарды жинайды, бүкіл халықты шулатады, — дейді Алматы тұрғыны.