Басты бет Жаңалықтар Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райында өзгеріс болмайтынын болжады

Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райында өзгеріс болмайтынын болжады

Жоғарғы барикалық жырамен солтүстік теңіздерден ылғал және салқын ауаның түсуі жалғасатындықтан 13-15 маусымдағы ауа райында өзгеріс күтілмейді.

Фото: Vestipmr.info

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2019 жылдың 13-15 маусым күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Мамандардың болжамына қарағанда жоғарғы барикалық жырамен солтүстік теңіздерден ылғал және салқын ауаның түсуі жалғасатындықтан ауа райында өзгеріс күтілмейді.

Қазақстанның көптеген облыстарының кей жерлерінде алдағы үш тәулікте найзағаймен жаңбыр және екпінді жел, сонымен қатар күндізгі сағаттарда бұршақ күтіледі, — дейді синоптиктер.

Ауа температурасының қысқа мерзімге жоғарылауынан кейін қайта төмендеуі күтіледі, республикамыздың басым бөлігінде температура орташа көпжылдық мәннен төмен болады. Тек Маңғыстау облысында ыстық және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version