Басты бет Қоғам Жаңбыр, найзағай, бұршақ. Дүйсенбідегі ауа райына болжам

Жаңбыр, найзағай, бұршақ. Дүйсенбідегі ауа райына болжам

10 маусым күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Тек батыста және оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанды. Республиканың кей жерінде найзағай, екпінді жел, дауыл және бұршақ болуы мүмкін. 

Фото: 52.mchs.gov.ru

«Қазгидромет» РМК мамандарының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының  кей аймағында найзағай, дауыл болады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші секундына 15-20 метр, екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді.

Қызылорда облысында күндіз кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің күші секундына 15-20, екпіні секундына 23 метрге артады.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей аймақтарында найзағай, дауыл тұруы мүмкін. Бұршақ жауып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Алматы, Қостанай облыстарының кей жерінде найзағай соғады. Күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге артады.

Қостанай облысының кей аймағын тұман басады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, тұман болып, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін артады.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, күндіз найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнап, күндіз дауыл тұруы ықтимал. Желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ақмола облысының кей жерінде найзағай, тұман болады.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version