Өткеннен өнеге алатын болсақ, қай заманның да данышпандарының қалдырған сөздері көп. Бір ағаштан мың шырпы жасауға болады. Ал бір шырпымен мың ағашты өртеуге болады. Ұлы өрттің тұтануы бір тал шырпыдан, ұлы даудың басталуы бір ауыз сөзден. Сондықтан өзімнің отандастарымды, барша бауырларымды, айтқан сөзімізге, істеген ісімізге үлкен мәдениетпен елдің алдындағы үлкен жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймын, — деді ҚР мәдениет қайраткері, айтыскер ақын Рүстем Қайыртайұлы.