Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК мамандары 1-3 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын хабарлады. Синоптиктердің мәліметінше, республиканың көп аймағында өткінші жаңбыр мен бұршақ жауады.

Жаздың алғашқы демалыс күндерінде Қазақстанның көп облысында найзағай соғып, өткінші жаңбыр мен бұршақ жауады. Жел де күшеюі мүмкін. Ауа температурасы аздап төмендейді, — деп хабарлайды «Қазгидромет» мамандары.

Қазақстанның батысында жауын-шашын болмайды. Температура климаттық нормадан 3-6 градус жоғары болады.