Найзағай қауіпті ме?

Найзағай – бұлт пен жер арасында болатын алып электрлі ұшқыны бар разряд. Оның разряды қуатты токқа теңестіріледі. Температурасы 300 мың градусқа жетеді. Бұл — Күннің жоғары қабатындағы температурадан алты есе жоғары өлшем. Ал найзағайдың орын алмасу жылдамдығы — секундына 100 мың шақырым. Егер найзағай ағашқа түсетін болса, екіге бөлініп немесе жанып кетуі мүмкін. Жай түссе, адам өліп кетеді. Жыл сайын әлемде 3000 адам найзағай түсуінен қайтыс болады.

Найзағай қайда соғады?

Статикалық электр разряды әдетте ең аз электрлік кедергі жолымен өтеді. Будақ бұлт пен жердегі ең ұзын заттар арасында арақашықтық аз болса, электр қуатының кедергісі де төмен болады. Негізінде найзағай биік заттарға көбірек түседі.

Найзағайдан қалай қорғану қажет?

Найзағай экономика нысандарына, ғимаратқа қауіп төндірмеуі үшін жерге тұйықталған металл діңгек және объекттің жоғары жағына сымдар тартып қояды.

Табиғатқа шығар алдында ауа райы қандай болатынын біліп алыңыз. Егер найзағай түсу қаупі болса, демалысты кейінге қалдырғаныңыз жөн.

Найзағай фронтын байқасаңыз, онда ең алдымен найзағай жарқылының кідіріс уақыты мен оған дейінгі қашықтықты анықтаңыз. Найзағай түсуі мүмкін бе? Соны да байқаңыз. Жарық жылдамдығы үлкен болғандықтан (сағатына 300 000 шақырым) найзағай жарқылын бірден байқаймыз. Демек, дыбыстың кідірісі қашықтық пен оның жылдамдығымен анықталады (секундына 340 метрге жуық).

Егер найзағай жарқылынан кейін 5 секунд өтсе, онда найзағай фронтына дейінгі қашықтық былай есептеледі: 340* 5 = 1700 (метр). Егер дыбыстың сәл кідіруі ұзаққа созылатын болса, найзағай фронты жойылады. Керісінше дыбыстың кідіруі қысқарса, найзағай фронты жақындайды.

Найзағай түскенде қалай әрекет ету керек?

Егер елді мекенде тұратын болсаңыз, терезе, есік, желдеткіш тесіктерін жабыңыз. От жағуға болмайды, себебі пеш құбырларынан шығатын жоғары температурадағы газ төмен дәрежеде қарсыласа алады. Телефонмен сөйлеспеңіз. Найзағай кей кезде жоғарыда тартылған электр бағаналарынан өтеді.

Найзағай түсіп жатқан кезде ток өткізкішке, антенаға, терезеге жақындамаңыз. Телевизор, радио және басқа электрон техникаларды өшіріп қойғаныңыз абзал.

Егер орманда жүрсеңіз, бойы аласа ағаштарға жасырыныңыз. Биік қарағай, емен, теректен алыстау тұрыңыз. Өзен жағалауынан да қашық болу керек.

1 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!