Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның көп...

Қазақстанның көп өңірінде жел күшейіп, дауыл тұрады

«Қазгидромет» кәсіпорны синоптиктерінің болжамына қарағанда Қостанай, Маңғыстау облыстарында дауыл тұрады, найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал, 15-20 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, дауыл тұрады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан облысында 15-20 м/с жел соғып, шаңды дауыл тұрады.

Ақтөбе облысында жел екпіні секундына 18 метрге дейін күшейеді, тұман түседі.

Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында 15-20 м/с жел соғады.

Ақмола облысында дауыл тұрады, бұршақ жауады.

Атырау облысында да 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады.

Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.