28 мамырда батыстан басқа өңірлерде күн ашық болады

Республиканың кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейеді, дауыл тұрады, бұршақ жауады.

«Қазгидромет» РМК мамандарының хабарлауынша, Атырау облысында дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал, 15-20 м/с жел соғады. Батыс Қазақстан облысында дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал, 15-20 м/с жел соғады. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар облыстарында 15-20 м/с жел соғады, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Қарағанды ​​облысында 2 градус, Шығыс Қазақстан ​​облысында 3 градус үсік болады. Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.