Еnergyprom.kz мамандарының мәліметінше, ішкі туризм бір жылда бірден 5,8%-ға артып отыр. Шипажайлар мен курорттар былтыр 296,9 мың адамға (бір жыл бұрын 285,8 мың адам), ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 871,9 мың адамға (бір жыл бұрын 889,6 мың адам) қызмет көрсеткен.

Былтыр Қазақстан азаматтары мен шетел туристерін орналастыратын орындар саны 2,99 мыңнан 3,32 мыңға дейін көбейген. Олар негізгі үш туристік өңірде орналасқан: Шығыс Қазақстан облысы (537), Алматы облысы (519) және Ақмола облысы (287).

Курорт аймақтарындағы жатын орындар саны 2018 жылы 10,4%-ға (900 орын) көбейген.

Айта кетейік, елімізде туризмнің шешуші басым бағыттары анықталған. Олар: Алматы тау кластері, Нұр-Сұлтан, Щучинск-Бурабай курорт аймағы, Түркістан, Алакөл, Маңғыстау, Баянауыл, Балқаш және Шалқар-Имантау курорт аймағы.

Осы жылдың сәуірінде қазақстандықтар мен Қазақстан қонақтарының қонақүйде бір тәулік тұру құны орташа есеппен 10,4 мың теңге болды, бұл былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 10,6%-ға жоғары. Республика бойынша жоғары баға Алматыда (18,6 мың теңге), Нұр-Сұлтанда (14,9 мың теңге) және Оралда (13,1 мың теңге) тіркеліп отыр.

2019 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша шипажайлар қызметі тәулігіне орташа есеппен 10,1 мың теңге тұрды, бұл 2018 жылдың сәуірімен салыстырғанда 3,8%-ға жоғары. Ең жоғары баға Нұр-Сұлтанда (14,8 мың теңге), Алматыда (13,2 мың теңге) және Қызылордада (11,3 мың теңге) тіркелген.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!