ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбайдың айтуынша, бұл шара аясында ұмытыла бастаған салт-дәстүрлер жаңғырып, ұлттық ойындар насихатталады.

Мереке аясында Нұр-Сұлтан тұрғындары мен қала қонақтары этномәдени-спорт шараларын, балалардың бірегей этноаттракциондары мен мерекелік концертті тамашалай алады. Қолөнер бұйымдары, ұлттық аспаптар, кітап, тарихи және этникалық жәдігерлер көрмесі, этнобазар, спорт аттары мен құстарының көрмелері де жұмыс істейді. Ақындар айтысын ұйымдастырсақ дейміз. Сонымен бірге қазақ халқының ұмытыла бастаған қамшыгерлік, тезге салу, қолқа салу, тығырыққа тіреу, арқан өру, қамшы өру, шаңырақ көтеру сияқты салт-дәстүрлерін де жұртшылық назарына ұсынып, олардың шығу тарихы мен мән-мағынасын ашып көрсетсек дейміз, — дейді Рахат Жақсыбай.

Рахат Жақсыбай
Рахат Жақсыбай. Фото: Ұлттық спорт қауымдастығы

Оның айтуынша, фестиваль аясында мергендердің «Алтын жебе» атты І әлем чемпионаты өтеді. 1 маусым — Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған мерекелік шаралар да болады.

Nur-Sultan Ethno Fest мерекесі 1 маусым күні сағат 19.00-де салтанатты жағдайда ашылады.