Dar Lab

Байқауға кімдер қатыса алады?

Байқау Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан IT-командаларына, стартап, жобаларын дамытуды және іске қосуды мақсат ететін студенттерге арналады. Байқау аясында IT саласындағы жастар мен мамандарға инновациялық жобаларын жариялауға және сараптамалық баға алуға алаң ұсынылады. Үміткерлердің үздік және перспективалы коммерциялық IT-жобаларына 4 миллион, ал әлеуметтік жобаға 10 миллион теңгеге дейін инвестиция алу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар Darlab.asia акселераторының резиденті атана алады.

Байқауға қатысу үшін не істеу керек?

  1. Сайттағы онлайн өтінімді толтырыңыз: Darlab.asia

2. Техникалық стек бойынша барлық ұсыныс пен шартты орындаңыз.

Өтінім қай уақытқа дейін қабылданады?

Өтінімдер 29 мамыр сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

Іріктеу комиссиясы өтінімдерді 2 маусымға дейін қарап, нәтижесін хабарлайды.

Өтінім қандай шарт бойынша таңдалады?

  • шығармашылық идея;
  • технологиялық стек;
  • инновация;
  • әлеуметтік маңыз;
  • толық команда;
  • прототиптің қолда болуы;
  • codereview және машиналық оқытудың қолданылуы.

Жоба өтінімінде келесі бөлімдер болуы қажет:

  • жобаның мақсаты;
  • шешім сипаттамасы:
  • оң әсер;
  • бәсекеге қабілетті орта;
  • команда сипаттамасы;
  • DAR зертханасынан қандай қолдау қажет екені туралы ақпарат.

Кейін не болады?

Мамыр айының соңында өтінімдер іріктелгеннен кейін жоба әзірлеуші топтар Алматыдағы Darlab.asia-ға оқуға шақырылады. Үздік жобалар инвестиция алады.

[email protected] және [email protected] электрон поштасына хабарласып, кез келген сұрағыңызға жауап ала аласыз.