Басты бетЖаңалықтарБектас Бекназаров...

Бектас Бекназаров Владимир Зеленскийге Қазақстан халқының тілегін жеткізді

Сенаттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, салтанатты жиыннан кейінгі кездесуде Бектас Бекназаров Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен барша Қазақстан халқы атынан Владимир Зеленскийді қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтап, Украина халқының игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі.

Кездесу барысында сонымен бірге Қазақстан мен Украина арасындағы қатынастарға қарқын беру жөніндегі ауқымды мәселелер талқыланды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 20 мамырда Киевте Украинаның жаңадан сайланған Президенті Владимир Зеленский украин халқына ант беріп, қызметіне кіріскен еді. Оның Жоғарғы рада отырысында жасаған мәлімдемелері интернетте қызу талқыланып жатыр. Владимир Зеленский шенеуніктерге Президент портретін кабинеттеріне ілмеуді ескертті.