Басты бет Қоғам Қазақстанда спорт пен демалыстың қандай түріне сұраныс артты?

Қазақстанда спорт пен демалыстың қандай түріне сұраныс артты?

Қазақстанда спорт, демалысты ұйымдастыру және ойын-сауық саласындағы қызмет көрсету көлемі бір жылда 8,2%-ға артып, 197 миллиард теңгеге жетті. Мұны Еnergyprom.kz мамандары 2018 жылғы мәліметті талдау нәтижесінде анықтады. 

Родео. Иллюстрация: Dribbble.com ©Vic Steinman

Зерттеушілердің мәліметінше, саланың ішінде родео және тир қызметінің көлемі айтарлықтай өсіп отыр: 801,2 миллион теңгеге немесе бір жылда 2,3 есе артқан. Ал спорт нысандары қызметі 21,4%-ға, клубтар қызметі 3,1%-ға қысқарған.

Айта кетейік, родео — Солтүстік Америка халықтарының дәстүрлі спорты, оның кең тараған түрінің шарты: ковбой жабайы бұқаға немесе асау жылқыға мініп, оны түрткілей отырып, кем дегенде 8 секунд құламауға тырысуы керек. Соңғы кездері мұндай сайысқа жасанды бұқа — арнайы механизм қолданылады. Тир — атыс құралынан нысананы көздеп атуға арнайы жабдықталған спорт нысаны.

Еnergyprom.kz мамандарының талдауына қарағанда 2018 жылы Қазақстанда мәдени-көпшілік іс-шаралар да 2017 жылға қарағанда 2%-ға көп өткізілген. Бұқараға арналған барлығы 304,9 мың шара ұйымдастырылған. Оларды 40,8 миллион көрермен тамашалады.

Өткен мәдени шаралардың саны жөнінен Ақмола (42,4 мың), Батыс Қазақстан (39,5 мың) және Алматы облыстары (35,3 мың) алда. Мәдени шараларға көрерменді көп қатыстыру жөнінен Алматы облысы (6,4 миллион адам), Қарағанды (5,3 миллион адам) және Қостанай облыстары (4,1 миллион адам) үздік үштікте.

(Родео. Иллюстрация: Dribbble.com ©Vic Steinman)

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version