Қазақстандық көкпаршылар ковбойларға көкпар үйретпек

Қазақстандық көкпаршы-бапкерлер ковбойларға көкпар ойынын үйрету үшін Америкаға барады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметі.

Көкпар, көрнекі сурет

Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшілігі Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына хат жазып, көкпардан бапкерлерді жіберіп, ойынды үйретуді өтінген. Соған байланысты кімдер барады, қалай барады, сапардың форматы қандай болады деген сұрақтар нақтыланып жатыр.

Бапкерлердің алыс құрлыққа сапары 2018 жылға жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, америкалық ковбойлар көкпар ойынымен ЭКСПО көрмесінің аясында өткен көкпардан тұңғыш Әлем чемпионатында танысқан болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version