Басты бет Жаңалықтар Алдағы үш тәулікте бұршақ аралас жаңбыр жауып, суық болады

Алдағы үш тәулікте бұршақ аралас жаңбыр жауып, суық болады

Полюс пен Арктиканың суық фронттары Қазақстан аумағындағы ауа райына ықпал етеді.

Фото: Goodfon.ru

«Қазгидромет» РМК мамандары 21-23 мамыр күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Болжамға қарағанда алдағы үш тәулікте Қазақстанның көптеген облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жауып, 15-25 м/с жел соғады, суық болады.

Бұл барлық метеорологиялық құбылыс әуелі полюстің, артынша Арктиканың суық фронттарының өтуіне байланысты болады. Батыс облыстарда Ресейдің Еуропа бөлігінің орталық аймағынан антициклон жылжып, оның ығысу шамасына қарай кезеңнің соңында солтүстік, оңтүстік және орталық облыстарда жауын-шашын тоқтайды, — дейді «Қазгидромет» мамандары.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version