Басты бетВладимир Зеленский...

Владимир Зеленский Президент портретін кабинеттерге ілмеуді ескертті

Украина Президенті Владимир Зеленский ұлықтау рәсімі барысында портретін кабинеттерге ілмеуді ескертті.

УНИАН тілшісінің хабарлауынша, мұндай мәлімдемені Владимир Зеленский Жоғарғы раданың салтанатты отырысынан кейін украин халқына үндеу жасаған кезде айтты. Оның портрет ілуге қатысты сөзі шенеуніктерге — депутаттар мен министрлерге қатысты болды.

Кабинеттеріңізде менің суретім, менің портретім болмағанын өтініп сұраймын, өйткені Президент икона емес, идол емес, Президент портрет емес. Оның орнына балаларыңыздың фотосуретін қойыңыздар және әрбір шешімді қабылдар алдында солардың көзіне қараңыздар, — деп мәлімдеді Владимир Зеленский.

Еске салайық, 20 мамырда Киевте Украинаның жаңадан сайланған Президенті Владимир Зеленский украин халқына ант беріп, қызметіне кірісті.