Әлем нарығының көшбасшысы Samsung болды. Оның өзінің смартфон жеткізуі бір жылда 8,1%-ға азайған (71,9 миллион дана). Компанияның нарықтағы үлесі 23,1% болды.

Қытайдың технология алыбы Huawei сенімді түрде қарқын ала бастады: жылдың алғашқы тоқсанында компания нарыққа 59,1 миллион дана смартфон шығарды, бұл былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 50,4%-ға көп. Huawei нарықтан 19% үлес алып, екінші орында тұр.

Әлем нарығы көшбасшыларының үштігіне Apple да енеді, көрсеткіші — 36,4 миллион дана смартфон, бір жылда тауар жеткізуді 30,2%-ға арттырған. Нарықтағы үлесі — 11,7%.

Xiaomi нарықты жаулау жөнінен төртінші орында: үш айда нарыққа 25 миллион дана смартфон шығарған, бірақ көрсеткіш былтырғыдан 10,1%-ға аз.

International Data Corporation-ның мәліметінше, бесінші орында Vivo және OPPO компаниялары тұр. Vivo әлем нарығына 23,2 миллион дана смартфон шығарып, тауар жеткізуді 24,1%-ға ұлғайтса, OPPO смартфон жеткізуді 6,1%-ға, 23,1 миллион данаға дейін азайтқан.

Смартфондар статистикасы

Business Insider басылымы 2019 жылдың 24 сәуіріндегі жағдай бойынша смартфондардың ең үздік 20 моделінің тізімін жария етті. Рейтинг авторлары Android және iOS базасындағы құрылғылардың техникалық сипаттамасын, функцияларын және құнын есепке алған. Сарапшылар қымбат смартфонның бәрі үздік емес деп отыр.

Үздік смартфондар рейтингінде OnePlus 6T, Samsung Galaxy S10e және Apple iPhone XR топ жарып тұр.

Смартфондар статистикасы

Айта кету керек, Қазақстанда осы жылдың наурызының соңындағы мәлімет бойынша ұялы байланыс абоненттерінің саны 2,7%-ға азайып, 25,7 миллион қолданушы болған. Былтырғы қаңтар-наурыз айларының қорытындысында 26,4 миллион абонент болған еді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!