Стивен Кевин Бэннон — АҚШ Президенті Дональд Трамптың аға кеңесшісі және стратегиялық мәселелер бойынша бұрынғы бас маманы.

Бэннон ұлттық қауіпсіздік мәселесін зерттеу бойынша магистр дәрежесін Джорджтаун университетінде және іскер әкімшілік магистр дәрежесін Гарвард университетінің Бизнес мектебінде алған. Ол — әскери-теңіз күштерінің офицері, Тынық мұхиты, Арабия теңізі, Парсы шығанағында АҚШ-тың «Пол Фостер» кемесінде әскери міндетін өтеген. Пентагонда әскери-теңіз операциялары бойынша қолбасшының арнайы көмекшісі қызметін атқарған.

2016 жылы Дональд Трамптың президенттік кампаниясын басқарған. 2017 жылы Ақ үйде АҚШ Президентінің аға кеңесшісі және стратегиялық мәселелер бойынша бас маманы лауазымына тағайындалған.

Стивен Бэннон — бірқатар деректі фильмнің режиссеры, ақпараттық Breitbart News веб-сайтының атқарушы төрағасы. Goldman Sachs банк конгломератының бірігуі мен жұтылуы бойынша маман болып қызмет атқарған.

Ол — белсенді азаматтық ұстанымы бар жан. «Азаматтар Америка Республикасы үшін!» коммерциялық емес қоғамдық қозғалысының негізін қалаушы. Билікті асыра пайдалану мәселесі бойынша іс жүргізетін Заң үстемдігі қоғамының төрағасы. Ол бүкіл әлемдегі қоғамдық саяси белсенділік пен танымал ұлттық идеяларды қолдайтын, Еуропа, Оңтүстік Африка мен Азиядағы The Movement ұйымының негізін қалаушылардың бірі болған. We are Building a Wall ұйымының консультатив кеңесінің төрағасы. Бұл ұйымның мақсаты — АҚШ-тың оңтүстік шекарасындағы қабырға құрылысын қаржыландыру.

Стивен Бэннон 24 мамыр күні Еуразия медиафорумының «Сенім дағдарысы. Күштердің жаһандық бөлу» панельді сессиясына қатысады. Сессия қызметінің басты міндеті — халықаралық қатынас жүйесінің жаңа тиімді және тұрақты моделін іздеу.

Стивен Бэннонмен бірге спикерлер құрамында мына тұлғалар да болады:

  • Бенита Ферреро-Вальднер (Австрия) — Австрияның мемлекеттік және саяси қайраткері, Еуропа одағының сыртқы байланыстары мен Еуропа көршілік саясаты жөніндегі комиссары (2004-2009 жылдар);
  • Джордж Гэллоуэй (Ұлыбритания) — саясаткер, кітаптар авторы, журналист;
  • Джереми Кеттнер (Германия) — жаһандық тәуекелдер мен елдер бойынша талдаушы, мәдени дипломатия бойынша сарапшы, жазушы және түсініктемеші;
  • Марк Сигел (АҚШ) — Джимми Картердің орынбасары әрі көмекшісі, Демократиялық партия ұлттық комитетінің атқарушы директоры (1973-1977 жылдар);
  • Михаил Гусман (Ресей) — журналист, ТАСС агенттігі бас директорының бірінші орынбасары;
  • Стивен Коул (Ұлыбритания), CGTN бағдарламаларының авторы және жүргізушісі.

XVI Еуразия медиафорумы 22-24 мамыр аралығында Алматыда The Ritz-Carlton қонақүйінде өтеді. Форумның осы жылдағы теглайны — «Бүгінгі әлем: шындық трансформациясы».

Конференцияда әлемдік және өңірлік ауқымдағы бірқатар өзекті мәселені талқыланады. Олар: жаһансыздану процесінің, тұтынудың терең бойлап бара жатқан дағдарысы, халықаралық құқық және жасанды интеллектінің кеңінен қолданудан болатын сын-қатерлер проблемалары.

Форум шеңберінде медиа саласындағы кәсіби тақырыптар — цифр әлеміндегі журналистиканың болашағы және блогосфера ықпалының өсуі талқыланады.

Еуразия медиафорумының (ЕАМФ) басты мақсаты — Орталық Азиядағы жетекші әрі тәуелсіз диалог алаңы ретінде Қазақстан, Еуразия және бүкіл халықаралық қауымдастықты толғандыратын геосаяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша саясаткерлер, журналистер мен сарапшылардың пікірталасына жағдай жасау.