Басты бет Жаңалықтар Сейсенбіде қай өңірлерде ауа райы жайсыз болады?

Сейсенбіде қай өңірлерде ауа райы жайсыз болады?

14 мамырда республиканың көп бөлігінде жауын-шашын болады, өңірлерде температура төмендейді, жел күшейіп, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл тұрады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күн ашық болады, шаң борайды, оңтүстік-батыста тұман түседі. 

Фото: Gazeta.ru

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының болжамына қарағанда Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарында және Нұр-Сұлтанда дауыл тұрады, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбырдың соңы қарға ұласады, температура 6 градус аязға дейін төмендейді. Бұл өңірлерде тұрғындарға ауа райының қолайсыз болатыны ескертілді.

Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін, күндіз 15-20 м/с жел соғады. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай облыстарында да 15-20 м/с жел соғады, Қостанай облысында 3 градус ызғар болады. Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады. Маңғыстау, Атырау облыстарында күн тұманды болады. Алматы іргесіндегі Үлкен Алматы және Кіші Алматы шатқалдарында қар көшкіні қаупі бар.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version