«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының болжамына қарағанда Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарында және Нұр-Сұлтанда дауыл тұрады, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбырдың соңы қарға ұласады, температура 6 градус аязға дейін төмендейді. Бұл өңірлерде тұрғындарға ауа райының қолайсыз болатыны ескертілді.
Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін, күндіз 15-20 м/с жел соғады. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай облыстарында да 15-20 м/с жел соғады, Қостанай облысында 3 градус ызғар болады. Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады. Маңғыстау, Атырау облыстарында күн тұманды болады. Алматы іргесіндегі Үлкен Алматы және Кіші Алматы шатқалдарында қар көшкіні қаупі бар.