13 мамырда Қазақстанның басым бөлігі онтүстік циклонының ықпалында болады, соған байланысты республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде атмосфера фронтал бөліктер өтеді, бұл өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, шығыста дауыл тұрады, оңтүстікте шаң борайды, оңтүстік-батыста тұман түседі.
«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады, Шығыс Қазақстан облысында дауыл тұрады. Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Павлодар облыстарында жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Атырау облысында найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел соғады. Ақтөбе облысында найзағай ойнайды, 18 м/с жел соғады. Қостанай облысында да найзағай ойнайды. Маңғыстау облысында тұман түседі.
Алматының төбесіндегі Үлкен Алматы, Кіші Алматы шатқалдарында қар көшкіні қаупі бар.