“Жаужүрек полк” шеруі еліміздің қай өңірлерінде өтеді?

9 мамыр күні әдеттегідей еліміздің көп аймағында "Жаужүрек полк" шеруі өтеді. Бұл - майдангерлер ерлігіне мәңгі тағзым етуші ұрпақтың ризашылық білдіруі. 

"Мәңгілік полк". Фото: Informburo.kz

Нұр-Сұлтан

9 мамыр күні сағат 14.00-де “Қазақ елі” монументінде басталып, “Отан қорғаушылар” монументінде аяқталады.

Алматы

Сағат 12.00-де “Астана” алаңында басталады. Колонна Төле би көшесімен Достық даңғылына дейін, даңғылмен Қазыбек би көшесіне дейін түсіп, ары қарай Зенков көшесімен 28 гвардияшы-панфиловшы атындағы саябақтағы Мәңгілік алау жанына келеді.

Шымкент

Сағат 09.00-де шеру Қажымұқан атындағы орталық стадион алдындағы алаңнан шығып, Даңқ мемориалына дейін жүріп өтеді.

Ақтау

Шеру 7-ықшамаудандағы №1 емханадан басталып, Мәңгілік алауға дейін жалғасады.

Қарағанды

Адамдар Гоголь және Сәтбаев көшелерінің қиылысында 08.30-дан бастап жиналуы керек. Колонна 09.30-да Гоголь көшесімен “Арман” боулинг орталығына дейін жүруді бастайды.

Көкшетау

Сағат 11.30-де Абай көшесінен басталып, Мәңгілік алау жанында аяқталады.

Қостанай

“Жаужүрек полк” сағат 10.00-де облыс әкімдігі алдындағы алаңнан Жеңіс саябағына дейін жүріп шығады.

Павлодар

Шеру үшін 09.30-да Сәтбаев және Торайғыров көшелерінің қиылысына келу қажет. Қозғалыс 10.30-да басталады.

Петропавл

Адамдар Пушкин және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысына 10.30-дан бастап жиналуы керек. Акция 11.00-де қозғалысты бастайды.

Талдықорған

Шеруге қатысу үшін 08.00-де Орталық алаңға келу қажет. Полк “Жастар” саябағына дейін жүріп шығады.

Тараз

Шеруге 08.30-дан бастап жиналу керек. Полк екі жерден жүреді – біріншісі қорғаныс істері басқармасының ғимараты жанынан, екіншісі “Достық” алаңынан. Қос шеру де “Ерлік” мемориал кешеніне келеді.

Өскемен

“Жаужүрек полк” Ертіс бойымен – Славский атындағы жағалаумен жүріп өтеді. Қозғалыс 10.00-де басталады.

Оралда және Атырауда акция 8 мамыр күні өтті. “Жаужүрек полк” шеруі Ақтөбеде биыл өтпейді. 

Еске салайық, елімізде “Жаужүрек полк” шеруі кезінде қауіпсіздік күшейтіледі. Алматыда терроризмге қарсы іс-шаралар қолға алынады.