Қазақстанның көп бөлігінде күн ашық болады

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, шаңды дауыл тұрады.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда сәрсенбіде Қызылорда облысында жел күшейіп, екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді, кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Түркістан облысында 15-20 м/с жел соғады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау облыстарында күн тұманды болады.

Үлкен Алматы, Кіші Алматы тауларында қар көшкіні қаупі бар.