Басты бет Жаңалықтар ҚР ОСК Жамбыл Ахметбековті президенттікке кандидат ретінде тіркеді

ҚР ОСК Жамбыл Ахметбековті президенттікке кандидат ретінде тіркеді

Ол Орталық сайлау комиссиясына табыс декларациясын тапсырғаны туралы анықтама, тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы туралы медициналық қорытынды мен өзін қолдайтын 138 мыңнан астам азаматтың қолын тапсырған.

ОСК Жамбыл Ахметбековке президенттікке кандидат куәлігін берді. Фото: Еlection.gov.kz

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Жамбыл Ахметбековті президенттікке кандидат ретінде тіркеді.

ОСК мүшелерінің мәліметінше, Жамбыл Ахметбеков президенттікке кандидат ретінде тіркеуге қажет барлық құжатты ұсынған және олар қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді.

Қазақстан коммунистік халық партиясы үміткері 16 өңірден 138 294 азаматтың қолын жинаған, Орталық сайлау комиссиясы оның 135 506-сын жарамды деп таныды.

Орталық сайлау комиссиясы кандидатты тіркеу туралы қаулы қабылдап, тиісті куәлік берді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version