Басты бет Жаңалықтар Владислав Косарев парламенттік фракция жетекшісі қызметінен босады

Владислав Косарев парламенттік фракция жетекшісі қызметінен босады

Косаревтің өз бастамасымен фракцияның жаңа басшысы тағайындалды.

Владислав Косарев. Фото Kazday.kz

ҚР Парламент Мәжілісінде Қазақстанның коммунистік халық партиясының (ҚКХП) «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының отырысы өтті.

Фракция жетекшісі Владислав Косаревтың бастамасымен күн тәртібіндегі негізгі мәселе ретінде фракцияның жаңа басшысын тағайындау қаралды.

Владислав Косарев әріптестеріне өзін фракция жетекшісі міндетінен босатуды сұрады. Бірақ фракция мен ҚКХП ОК Саяси бюросының жұмысына бұрынғыдан да тығыз араласа беретінін айтты.

Ашық дауыс беру нәтижесінде «Халық коммунистері» фракциясының жетекшісі болып бірауыздан Айқын Қоңыров тағайындалды.

Айқын Қоңыров

Владислав Косарев фракция құрамында өзінің депутаттық өкілеттігін атқара береді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version