Оның өмірінде музыка ерекше орын алады. Меццо-сопрано дауысты Дариға Назарбаева Әлібек Дінішевке сабақ берген опера педагогы Надия Шариповадан тәлім алған. Дегенмен Дариға Назарбаеваның консерваторияда білім алуына әкесі қарсы болған. Осылайша ол кәсіби музыкант атана алмады, бірақ вокал өнерінен қол үзген жоқ, үлкен сахнаға да шықты. Еліміздегі классика концерттері мен фестивальдерде өнер көрсетті. Мәскеуде де концерт берді. Филипп Киркоров, Валерий Меладзе, Николай Басков сияқты артистермен бірге ән шырқады. Дариға Назарбаева орындаған бірнеше әнді назарларыңызға ұсынамыз.

1. «Қайықта» (Шәмші Қалдаяқов, Нұрсұлтан Әлімқұлов)

2. «Опера елесі» мюзикліндегі Кристина партиясы (Эндрю Ллойд Уэббер)

3. Халық әні «Бүлдірген»

4. «Журавли» (Ян Френкель, Расул Гамзатов)

5. Nella Fantasia (Эннио Морриконе, Кьяра Феррау)