Республикалық Semser әдеби конкурсы жарияланды. Бұл туралы “Мәдениет” порталы хабарлады.

Портал Semser әдеби конкурсын Жастар жылына орай “Алтын қазына” қоғамдық бірлестігімен бірге ұйымдастырып отыр. Байқау “Үздік проза”, “Үздік поэзия”, “Үздік әдеби сын” деген 3 аталым бойынша өтеді. Бас жүлде – 1 000 000 теңге мен Semser сыйлығы. Әр аталымның жеңімпазына 500 000 теңгеден және алтын төсбелгі беріледі. Сонымен қатар арнайы әдеби сыйлықтар да болады.

Байқауға 45 жасқа дейінгі қаламгерлер қатысады. Олар шығармаларын “Мәдениет” порталына өздері орналастыра алады. Оқырман өзі ұнатқан шығармаларға дауыс береді. Берілген дауыс қазылар алқасының қорытынды шығару кезінде есепке алынады. Semser конкурсына тек қазақ тіліндегі шығармалар қатыстырылады. Өтінім беру мерзімі 24 маусымда аяқтаалды. Толығырақ мына жерде жазылған.

Жобаның бас демеушісі табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларындағы ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі – Eurasian Resources Group (ERG).